«Астана – Милан 2024» роуд-шоуы

Басты бет Жаналықтар «Астана – Милан 2024» роуд-шоуы
Басты бет Жаналықтар «Астана – Милан 2024» роуд-шоуы
«Астана – Милан 2024» роуд-шоуы

2024 жылдың 19 қарашасында Милан қаласында «Астана – Милан 2024» роуд-шоуы сәтті өтті. Бұл іс-шара Астана қаласының әкімдігі мен «Астана Даму Орталығы» ұйымдастыруымен, Visit Astana туристік бренді аясында, Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшілігінің, Итало-Қазақстан сауда ассоциациясының (ACIK), Neos S.p.A және Итало-Қазақстан сауда палатасының (CCIK) қолдауымен жүзеге асырылды.

Іс-шара Қазақстан мен Италия арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызды кезеңі болды. Бағдарлама барысында маңызды меморандумларға қол қойылды: біріншісі Итало-Қазақстан сауда ассоциациясы (ACIK) мен «Астана Даму Орталығы» арасында, екіншісі «Астана Даму Орталығы» мен Итало-Қазақстан сауда-экономикалық палатасы (CCIK) арасында. Бұл құжаттар екі ел арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа және Астананы туристік әрі іскерлік орталық ретінде танытуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға негіз қалайды.

Іс-шараның маңызды кезеңі – Итало-Қазақстан сауда ассоциациясының (ACIK) президенті Марко Береттаның Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Туризм жөніндегі Елшісі болып тағайындалуы болды. Бұл мәртебелі статус Шырын Мусина, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ бренд және маркетинг жөніндегі басқарушы директорының бастамасымен және «Астана Даму Орталығы» қолдауымен берілді. Бұл тағайындау Италияның Қазақстанның туристік әлеуетін насихаттаудағы стратегиялық маңыздылығын және екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтудың маңызды қадамын білдіреді.

Іс-шараның бағдарламасы Астананың туристік мүмкіндіктерін таныстыру, іскерлік кездесулер мен мәдени шаралардан тұрды. Сонымен қатар, роуд-шоу аясында итальяндық БАҚ өкілдері үшін инфотурлар ұйымдастырылды, бұл Астанаға деген қосымша қызығушылықты туғызып, итальяндық аудиториямен қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті.

«Астана – Милан 2024» роуд-шоуы ынтымақтастықтың табысты форматын көрсетті, әрі Астананың халықаралық туристік және іскерлік орталық ретінде дамуын әрі қарай күшейтуге негіз қалады.