Конгресс мүмкіндіктерін көрсету, сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялық және туристік әлеуетін еуропалық нарыққа мақсатында Astana Invest компаниясы MICE-туризм саласындағы және мажарлық БАҚ өкілдері таныстыру турын (fam trip) ұйымдастырды.
Ағымдағы жылдың 12-14 қараша аралығында өткен тур бағдарламасы елордамыздың барлық конгресс-көрме, туристік және мәдени мүмкіндіктерін қамтыды. Арнайы Мажарстан (Венгрия) өкілдері үшін жалпы шолу экскурсиясымен қатар конгрестік-көрме мен қонақүйлер әлеуеті ұсынылды, сондай-ақ қазақ ұлттық тағамдары, салт-дәстүрлері мен фольклоры көрсетілген мәдени-танымдық бағдарлама тағайындалды.
Қорытындылай, кездесулер мен іс-шаралар индустриясын дамыту мақсатында пікір алмасуға және тәжірибелерімен бөлісу үшін жергілікті туристік компаниялардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Қазақстан мен Мажарстанды ортақ құндылықтар мен тарихи тамырмен қатар мәдениет пен дәстүрлер біріктіреді, ал соңғы жылдары экономикалық ынтымақтастық тұрақты оң серпінде. Айтып кететін жайт, бас-пәтері Будапештте (Венгрия) орналасқан WizzAir компаниясы карантин режимі жеңілдегеннен кейін тікелей рейстерді қайта бастаған алғашқы әуе компаниясы болып табылады.
Осы fam trip Қазақстан мен Мажарстан экономикасы және іскерлік әріптестіктіктің дамуына, елордамыздың туристік ағындарының ұлғаюына өз үлесін қосады деп үміттенеміз.