2024 жылдың 21-23 қарашасында Visit Astana 22-ші Бейжің халықаралық медициналық туризм көрмесіне (CMTF) қатысты.
Көрме Қытайдың халықаралық көрме орталығында өтті, оған 60-тан астам ел мен аймақтан 300-ге жуық медициналық мекемелер мен мамандандырылған орталықтар қатысты.
Көрмеде Қазақстанның медициналық туризміне ерекше көңіл бөлінді. Астана қаласының іс-шараға қатысуы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі бекіткен Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы шеңберіндегі ресми іс-шаралар жоспарының бір бөлігі болды.
Астанадан барған делегация елорданың денсаулық сақтау саласындағы жоғары әлеуетін көрсете отырып, қаланың жетекші медициналық мекемелерін таныстырды.
Қазақстандық делегация құрамында «Экомед Астана» клиникасы, Ұлттық нейрохирургия орталығы, Қазақстандық медициналық туризм қауымдастығы және «Air Astana» әуе компаниясы сияқты жетекші мекемелер қатысты.
Көрмеге қатысу Қазақстанның медициналық туризм саласындағы ұстанымын нығайтуға және осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.