19 тамызда Астанада алтыншы TEDxAstana конференциясы өтеді. Биылғы конференцияның тақырыбы – «Бейуақыт». Конференцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, 2023 жылғы оқиғалар біздің өзіміз және әлем туралы идеяларымызды шайқады. Қиын әңгімелер мен қиын шешімдердің уақыты келді. Осындай көңіл күйді «бейуақыт» сөзі жақсы бейнелейді .
Бейуақыт – ымырттың басталуына дейінгі қысқа мерзім, өтпелі күй. Біздің ата-бабаларымыз бұл уақытта ешқашан ұйықтамау керек деп есептеген. Өткен күннің тапсырмаларын орындап, қараңғылықтың басталуына дайындалу керек